USD
USD
USD

Амангелді Сейітхан жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр

Алматыда «Хабар» Агенттігі» ұйымдастыруымен журналист, спорт комментаторы, айтыскер ақын, публицист, Ақпарат саласының үздігі, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Амангелді Сейітханды еске алуға арналған футболдан республикалық турнир өтті, деп жазды 24.kz.

Амангелді Сейітхан жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Амангелді Сейітханның көзін көрген әріптестері, ізбасар інілері аяулы азаматты тағы бір еске алып, ала доптың аламанына қатысты. Амангелді Сейітхан көзі тірі болғанда биыл 54 жасқа келер еді. Ұзақ жыл «Хабар» арнасында қызмет еткен ол спорт жаңалықтарының шолушысы, комментатор ретінде бес Олимпиада ойындарына қатысып, хабар таратты. Тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатынан қазақ тілінде тікелей эфир жүргізіп, спорт журналистикасының дамуына зор үлес қосты. Өзі де команда құрып, футбол ойнады. 

Турнирге Талдықорған, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Атырау қаласынан 16 команда қатысып, Амангелді Сейітхан атындағы жүлделерді сарапқа салды. 

 Ержан Байтілес, журналист:

– Ол кісінің есімі халқының, жұртының, әріптестерінің, інілерінің, бауырларының, шәкірттерінің есінде мәңгілікке сақталатындығы біздің көңілімізге медеу береді. Амангелді аға, Амангелді Сейтхановтың армиясын қалыптастырып кетті. Сол армия бар кезде қазақ журналистикасындағы Сейітхановтың жолы, оның өмірдегі даңғыл салған жолы өшпейді, әрқашан бізбен бірге жасаса береді. Бүгінде «Хабар» агенттігінің бастамасымен Амангелді Сейітхан туралы деректі фильмді түсіріліп жатыр. Жаңа туындыны спорт журналисінің өмірден өткен күніне орай, тамыз айында көрермен назарына ұсыну жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза