USD
USD
USD

Қаратөбеліктер Баталовқа келе жатыр

Алматы облысы республикадағы маңызды өңірдің бірі. Оңтүстік астананың іргесіндегі көп ауылда әлі шешімін таппаған мәселе көп.

Қаратөбеліктер Баталовқа келе жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жуырда Қаратөбе ауылының тұрғындары алдағы сайлау науқанына байкот жариялап, БАҚ өкілдеріне мұңын шақты. 

Ауыл тұрғындарының сөзінше, тіршілікке қажетті көп жағдай жасалмаған. Газ, ауыз су мен жол, тіпті, интернеттің өзі жоқ екен. Олар ауыл әкімі осы мәселелерді шеше алмаса бізге керегі жоқ дейді. Бұған дейінгі әкімдер де ешнәрсе істемеген. Ауыл тұрғындарының базынасына аудан, облыс әкімдігі әлі үн қатпады. 

Сайлау науқанының басталуына бірнеше күн қалғанда қаратөбеліктер «біз ешкімді сайламаймыз», – дейді КТК телеарнасының жаңалықтар қызметі ауылға арнайы барып, тұрғындармен тілдесіп қайтқан. 

«Бұл жерде бір жарым мың адам тұрады. Не су жоқ, не жол жоқ, не газ жоқ. Балалар ойнайтын жер де жоқ, балабақша жоқ, Интернет жоқ, медпункт жоқ. Алматыдан небәрі 29 шақырым. Ешкім келмейді. Бармайыз. Пайдасы жоқ бізге, керегі жоқ», – деген Алтын Келменбетова көпшіліктің зарын жеткізді.

Егер аудан әкімдігі халықтың жағдайына назар аудармаса, олар облыс әкімдігіне жағымданбақ. Тіпті, аштық жариялайтындарын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт