Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аманаттықтар Екібастұздың тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді жалғастырып жатыр

Бүгін Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына «AMANAT» партиясынан кезекті гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл – 200 жылытқыш, 400 жылы көрпе, 100 батарея және басқа да қажетті заттар.

Аманаттықтар Екібастұздың тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді жалғастырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кету керек, Екібастұзда бір аптадан астам уақыттан бері волонтерлер штабы жұмыс істеп тұр. Штабта «Жастар Рухының» және өзге де ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.

«Осындай қиын кезде жағдайға бейжай қарамай көмекке келіп жатқан меценаттар, ҮЕҰ, қазақстандықтардың қатары көп. Екібастұздағы жылусыз қалған үйлерге 4,5 мыңнан астам жылытқыш жеткізілді, оның 2,5 мыңы еліміздің әр өңіріндегі аманаттықтардың тарапынан берілді. Олардың әрқайсысы мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Бұл жұмыс қаладағы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасады», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко.

Ол гуманитарлық көмек бір орталықтан таратылатынын атап өтті. Жылытқыш алуға өтінімдертек волонтерлер штабының +77054057128, +77779965010 байланыс нөмірлері немесе Екібастұз қаласы, Павлодар көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп