USD
USD
USD

«AMANAT» жастардың партиясы

Ақмола облысында «Қайсар» партиялық жобасын жүзеге асырудағы серіктестердің қатысуымен «АМАNАТ» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жиыны өтіп, онда партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

«AMANAT» жастардың партиясы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар Сұлтанбек Бекешев пен Дуанбай Ыбырай, сондай-ақ жобаны жүзеге асырудағы серіктес – «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы облыстық қоғамдық ұйымы филиалының жетекшісі Орынбек Сағидолда еліміздің болашақ құтқарушылары алдында сөзь сөйлеп, жастарға арналған партияның негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Баяндамашылардың айтуынша, «Қайсар» партиялық жобасы жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге, еліміздің қарулы күштері қатарында қызмет етуге және Отан қорғауға дайын азаматтығы жоғары тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Мәселен, облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Дуанбай Ыбырай мемлекеттік тіл қазақ тілін білудің маңыздылығына мән беріп, жастардың бойындағы намыс пен ұлттық рухты қалыптастыруда партияның бағдарламасына тоқталып өтті.  «Өз елінің, халқының тілінде сөйлеген адам ғана нағыз патриот бола алады»,- деді ол. Ал жастар болса, қазақ тіліндегі әдебиеттер мен бейнероликтердің жоқтығын айтты.

Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстан халқының тілдерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жоспарлануда. Сонымен қатар, «ҰЛТТЫҚ МҰРА» жобасы аясында қазақ мәдениеті мен өнерін жүйелі түрде қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілмек.

Үміткерлер жиналғандарды наурыздың 19-ы күні сайлауға келіп, сол арқылы азаматтық позициясын көрсетіп, «Амаnат» партиясына – нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды. Жиналғандар өз кезегінде ұсынылған кандидаттарды қолдайтындықтарын білдіріп тарқасты. ​

*Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп