USD
USD
USD

«AMANAT» әділетті қоғам орнатуды көздейді

Бүгін "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламаны талқылауға арналған кезекті жиын өтті. Басқосуға партияның Шымкент қалалық және аудандық филиалдарының жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты. 

«AMANAT» әділетті қоғам орнатуды көздейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Партиямыздың мақсаты – әр азаматтың, әр отбасының өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге, қоғамда құқық бұзушылыққа қарсы сананы қалыптастыруға ықпал етеміз. Біздің елімізде парақорлықты бейәдептілік, арсыздық ретінде санайтын қоғамдық сана орнауы тиіс. Бұл – заң үстемдігін орнатудың, әділетті қоғам құрудың негізгі алғышарты. Партияның «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламасында азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген, – деді партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов. 

Айта кетейік, партия сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Сауатты ұрпақ» және «Адалдық алаңы» секілді жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыратын болады.

 

*Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті