USD
USD
USD

Аман қалған кеншілер төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді

«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Абай шахтасындағы метан газы атылғаннан кейін жансақтау бөліміне түскен екі кеншінің беті бері қарады.

Аман қалған кеншілер төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір ажалдан аман қалған олар жарылыстың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Жатқан жерлеріміз бір жарым, екі метр болды, барлығымыз 8 адам, бір- біріміздің артымыздан жаттық. Бір-біріміздің түрімізді көрмедік, әрқайсымыз өз жұмысымызды істеп жатқанбыз. Тарс ете қалды, сосын түтін басып кетті, бітті. Шамдар сөнді, газдың иісі жоқ. Есімде, бірінші болып құлағам жоқ. Бірінші аяққа сосын бітті. Арғы жағын білмеймін», — деді кенші Жеңіс Маралбаев.

Элайдын Зейналов пен Жеңіс Маралбаевтың жансақтау бөлімінен шыққанына екінші күн. Есін жиып алған соң, алты әріптесінен айырылғандарын естігенде қатты қайғырған. Ал өздері бір ажалдан аман қалған. Қазір ем-дом алып жатқан кеншілер жұмысқа жарамдылығы жөнінде медициналық комиссиядан өтеді. Жарамды деп танылсақ, тіршілік қамымен шахтаға қайта түсуден өзге амал жоқ дейді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе