USD
USD
USD

Аляскадағы саммит: Журналистерді дәретханаға жетектеп апарып жатыр

Журналистер бірнеше сағаттан бері Аляскадағы Акоридж әскери базасына кіре алмай тұр. Бұл туралы Би-Би-Сидің Солтүстік Америка бойынша редакторы Сара Смит хабарлады. 

Аляска
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Жергілікті уақыт бойынша 05:30-да американдық және халықаралық 200-ге жуық журналист жиылып, Анкоридж автотұрағындағы автобусқа отырғанбыз. Бұл автобус бізді әскери базаның аумағына алып кіруі тиіс болатын. Онда біз Трамп пен Путиннің саммитінен соң өтетін бірлескен пресс-конференциядан хабар таратуымыз керек еді. 

Міне, үш сағат болды, біз әлі автобуста отырмыз. АҚШ-тың құпия қызметі бізді аумаққа өткізбес бұрын өзімізді және құрал-жабдығымызды мұқият тексеріп жатыр. Әзірге күтуге мәжбүрміз, аумаққа қашан өтеріміз белгісіз. Дәретханаға барғымыз келсе, «қысылып отырғанымызды» айтқан соң ғана әскерилер бізді дәретханаға жетектеп апарып жатыр» – деп хабарлады Сара Смит.

Кейбір ақпарат құралдары В.Путиннің ұшағы Аляскаға қонғанын хабаралаған. Алайда Кремль пулының тілшісі Павел Зарубин президент ұшағы әлі қонбағанын, бұған дейін Аляскаға жеткен ұшақ «Россия» отрядының ұшағы екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.