Алуа Қонарова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты
Продюсер бұл туралы Instagram парақшасында жариялаған.
Алматы, NEGE. Балалық шағында әкесінің анасына қалай қол көтергенін жазған.
"Төрт жасар кезім. Сол сәтсіз күн әлі есімде, ол күні мен әкем туралы бәрін түсіндім. Түнде айқайлаған дауыс естіп, қатты қорқып, жалаңаяқ үйдің дәлізіне жүгіріп шықтым. Ол кезде көргенім бүкіл өміріме із қалдырды. Анамның ұзын, әдемі, қалың шашы төгіліп еденде жатты", - деп жазды Қонарова.
Айтуынша, төрт жасында әкесі анасын қалай теуіп жатқанын көрген.
"Анамның ішінен, кеудесі мен арқасынан, бетінен теуіп жатқан адамның аяғы әлі күнге дейін есімде. Анамның аузынан қан ағып жатты", - деді продюсер.
Қонароваға әкесін кешіру үшін біраз уақыт қажет болған.
"Әкем мас болмаған кездері мені "бір жапырақ қызым" деп атайтын. Ол мені ерекше жақсы көрді. Алайда ол қасымда болса да, жанымнан табылған жоқ", - дейді Қонарова.