USD
USD
USD

Алтын-валюта резерві 2,4 млрд долларға артты

Қазақстанның алтын-валюта резервтері 2,4 млрд долларға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды.

Алтын-валюта резерві 2,4 млрд долларға артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдын ала деректер бойынша биылғы шілденің соңында халықаралық жалпы резервтер 3,2 пайызға ұлғайып, 93,5 млрд АҚШ долларын құрады. Шілде айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, ең алдымен, алтын бағасының өсуіне байланысты 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 7,3 пайызға немесе 2,4 млрд АҚШ долларына артты», - деді ҰБ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қордың активтері биылғы шілдеде 1,6 млрд АҚШ доллары сомасында алған инвестициялық кіріс есебінен бір айда 0,5 млрд АҚШ долларына (+0,9%) ұлғайып, 58,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте кепілді трансферт бөлу мақсатында Ұлттық қордың активтерін 1,1 млрд АҚШ долларына конвертациялау жүзеге асырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы