USD
USD
USD

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күні қарсаңында бірқатар қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Қоразбаев, Ықтымбаев
Фото: Алтынбек Қоразбаев/Instagram, kino-teatr.ru

Астана, NEGE. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

Марапат иелері:

  • «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді.
  • «Отан» орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «Музарт» тобының елімізде және шетелде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды.
  • І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа;
  • ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке;
  • ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.
  • «Парасат» орденімен «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері Н.Уәли, археолог А.Подушкин, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ профессоры М.Түсіпбекова, «Радуга» ЖШС бас директоры Д.Шарапаев және басқалары марапатталды.
  • «Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысындағы «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.
  • «Ел бірлігі» орденіне «Алматы қаласының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Г.Аннакулиева, Қарағанды облысы «Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы У.Джанаев, «Возрождение» Қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Д.Редлер, «Tamos Space School» ЖШС мұғалімі Д.Ромащенко ие болды.
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Б.Бәйменге, Т.Мүсілімге, П.Палтаевқа, М.Сайланбекке, А.Темкинаға және басқа да тұлғаларға берілді.
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына педагогтер және білім беру саласының өкілдері Н.Каранда, К.Мәжитова, Е.Омарханов, Н.Сафиуллина, «Қазақстанның халық әртісі» атағына өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев, Н.Өтеулов лайық деп танылды.
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы Т.Шарманов атындағы Ұлттық медициналық университеттің профессоры Т.Таркинаға берілді.

Бірқатар әскери қызметші мен құқық қорғау органдары өкілдері І, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін», сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі