«АлтынАлмас» АҚ қызметкерлердің еңбекақысын көбейтеді
Компания 2019 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанның еңбек нарығының еңбекақыларына шолуларға қатысады.
Алматы, NEGE. «Алтыналмас АК» АҚ – толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклінің компаниясы. Тау-кен өндіру секторындағы тиісті көрсеткіштер мен инфляция деңгейі өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу деңгейі үшін бағдар болып табылады. Компания басшылығы салыстырмалы талдау деректері негізінде «Алтыналмас АК» АҚ жұмыс істеп тұрған барлық өндірістік алаңдарында еңбекақыларды кезең-кезеңімен дифференциалды қайта қарауға шешім қабылдады.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірінші кезекте, операциялық персоналдың (жұмысшы кәсіптер мен қатардағы мамандар) жалақысы 10%-дан 30%-ға дейін көбейеді. Бұл ретте қолданыстағы жалақы деңгейі еңбекақы төлеудің салалық көрсеткіштерінен төмен болған қызметкерлерде жалақының өсуі жоғары болады.
Компания тұрақты негізде елдегі макроэкономикалық жағдайды зерттеп, жалақының бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізеді және қажет болған жағдайда, қызметтің өндірістік және қаржылық нәтижелерін ескере отырып, еңбекақы деңгейін түзетеді.
«Пандемиядан кейін туындаған қиындықтарға қарамастан, біз компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруды жалғастыруға кезекті рет шешім қабылдадық. Бұл біздің қатысатын өңірлерді қолдаумен қатар, әлеуметтік қызметіміздің маңызды басымдықтарының бірі», – деді «Алтыналмас АК» АҚ Президенті – Басқарма Төрағасы Дияр Қанашев.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды