USD
USD
USD

Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтілді

  Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №37 бөбекжай-балабақшасында  Алтын орданың 750 жылдығына орай қалалық семинар болып өтті. 

Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Семинарға қалалық  мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің  басшысы Лунара Масақбаева Тұрсынқызы және әдіскері Гүлназ Серікқызы, сондай-ақ, Алматы қаласының басқа балабақшаларынан педагогтар келді. Іс-шараның мақсаты Алтын Орданың тарихын мектеп жасына дейінгі балаларға қызықты әрі түсінікті етіп жеткізу еді.  

Семинарды  «№37 бөбекжай-балабақшасының «Сұңқар» мектепалды даярлық тобы «Денсаулық»  білім беру саласы, дене шынықтыру оқу қызметімен ашты. Биыл Алтын Орданың құрылғанына – 750 жыл толып отыр. «Осыған орай балабақша ұжымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдады», – дейді «№37 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айнұр Әлімбекова Батырбекқызы.

 

 

Балалар өздерін жауынгер ретінде сезініп, шайқасты қойылым ретінде көрсетіп шараның көркін аша түсті. Олар хас батыр ретінде  негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. «Жекпе-жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылды. Ал сүйінші сұраған әжей Алтын орданың төл теңгесін таратты. Сондай-ақ, бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, педагогтар  шеберлік сыныпқа қатысты. Ұстаз қауымы қолдан жасаған қуыршақтарына жан бітіріп,  музыкалық нөмір көрсетті.  

 

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики