10 Желтоқсан 12:14

«Алтын ордадағы» жол құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

Фото:

Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Алайда "Алтын орда" жобасы кейінірек аяқталады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ақсай өзеніндегі көпір құрылысы, үш жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі мен электр, газ құбыры, байланыс жұмыстары аяқталған.  

"Бүгінде "таға" типі бойынша көлік айрығының арматуралық қаңқасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жүру бөлігін жарықпен 10 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары аяқталып қалды", - дейді "ҚазАвтоЖол" өкілдері. 

Сондай-ақ ведомство өкілдері жобаның қашан аяқталатынын айтты. 

"Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Алматы-Бішкек автожолындағы "Алтын Орда" базарының аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарымен мердігер "Дәулет-Дорстрой" ЖШС айналысып жатыр. 

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі -  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурыз айында сатып алынды. 

Тегтер: