USD
USD
USD

«Алтын орда» базарында заңбұзушылық тіркелді

Алматы қаласындағы «Алтын орда» базарының қызметін тексеру барысында 1 млрд. 600 млн. теңге көлеміндегі заңбұзушылық тіркелді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков мәлім етті.

«Алтын орда» базарында заңбұзушылық тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алтын орда» – еліміз бойынша ғана емес, Орталық Азиядағы ең ірі базарлардың бірі. Аумағы – 28-29 гектар.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура еліміздегі сауда орындары мен базарлардың қызметін тексеруді міндеттеді.

Осы орайда, барлық өңірде арнайы топ құрылды. Оның құрамына жергілікті әкімдік, салық, сауда департаменті, бәсекелестікті қорғау және даму департаменті мен басқа да құзырлы орган өкілдері кірді.

Осылайша, «Алтын орда» базарының қызметін 70 адамнан тұратын топ тексерді. Тексеру барысында 1 млрд. 600 млн. теңге көлеміндегі кемшілік табылды», - деді Айдар Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тексеру қорытындысы әлі толық шықпаған. «Айтар болсақ, кейбір нысандар заңсыз салынған. Аталған базарды тексерудің толық қорытындысы бізге әлі келмеді. Өйткені, жұмыс ауқымды. Менің айтып отырғаным - алғашқы деректер», - дейді ол. Министрлік өкілі келтірген статистикаға сәйкес, бүгінде елімізде 761 базар бар, оның 515-де азық-түлік сатылады. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер