USD
USD
USD

«Алтын орда» базары маңындағы автожол асфальтталады

 Алматыда «Алтын орда» базары маңындағы тасжолға асфальт төселеді. 

«Алтын орда» базары маңындағы автожол асфальтталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазавтожол» «ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл Алматы - Бішкек тас жолының 16-дан 19-шақырымына дейінгі аралықтағы үстіңгі қабатына асфальт төселеді. Нақты мерзім мемлекеттік сараптама нәтижесінде анықталады. «Мамандар асфальт төсемес бұрын жол бойына тротуар салып, жерасты өткелдерінің шатырын жабады және оны бояйды. Сонымен қатар қоршау орнатып, жол таңбасын сызады», – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі. Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ «Алтын Орда» базары маңындағы екінші жол айрығының құрылысы қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Еске салайық, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында «Алтын орда» базары маңындағы «Алматы-Райымбек» учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада пайдалануға берілді. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер