USD
USD
USD

Алтын өндіру фабрикасындағы жұмысшы өліміне қатысты тергеу басталды

Ақмола облысында алтын өндіретін фабриканың жұмысшысы қаза тапты. Оқиға өткен түнде Зеренді ауданының аумағындағы өндіріс ошақтарының бірінде болған

Алтын өндіру фабрикасындағы жұмысшы өліміне қатысты тергеу басталды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды 24.kz.

Астана, NEGE. Қазір келіп түскен мәлімет бойынша 1974 жылы туған ер адамның үстіне салмағы 1 тоннаға жуық қап құлаған. Ауыр жарақат алған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Бұл осы алтын өндіру фабрикасында болған алғашқы оқыс оқиға емес. Фабрикада бұған дейін де бірнеше адам өндірістік жарақат алып, мерт болған еді.

Әсет Құрманғожин, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары:

- Анықталған ақпарат бойынша Көкшетау қаласының тұрғыны Алтаев Өмірбек Амантайұлы цехтарда сол үлкен қаптың астында басылып қалған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша Ішкі істер органдарында тіркелді. Сол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған. Қазір жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция