USD
USD
USD

Алтын іздегендер қаза тапты

Қытай солтүстігінің Шансь провинциясында қараусыз қалған алтын шахтасына заңсыз түскен алты адам қаза тапты. 

Алтын іздегендер қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен дүйсенбіде Шансь провинциясы Цзянсянь уезінің билігі алты алтын іздеуші із-түссіз жоғалғанын жариялады. Іздеу-құтқару операциясының барысында Цзянсяньжағы Цэюй тауының маңындағы үңгірдегі 2700 метр тереңдіктен алты адамның денесі табылды.

Қаза болғандардың барлығы Шаньсиге көршілес жатқан Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) тұрғындары. Аталған іс бойынша тергеу амалдары басталып кетті.

Еске сала кетсек, 2021 жыл маусымында Хэнань провинциясындағы Саньмэнься маңындағы алтын өндіретін шахтада төрт адам қаза тапқан.

Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, соңғы жылдары Қытайда бағалы металл бағасының өсуіне байланысты жергілікті тұрғындар қараусыз қалған шахталардан алтын шығаруға тартылып отыр. Хэнань провинциясына қарасты Саньмэнсяға жақын Даху кентінің шахтасынан екі апта бойы алтын шығару бір миллион юань (шамамен 187 мың доллар) көлемінде заңсыз табыс әкеле алады.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп