Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен "Алтын белгіге" үміткер оқушы білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Биыл Алтын белгіге" үміткер оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру нәтижесіне талдау жасалады. Бұл іске ұлттық тестілеу орталығы жауапты. Егер "Алтын белгіге" үмітті талапкер ҰБТ-дан төмен балл алып, шекті балды жинай алмаса, онда мектеп басшылығын жауапкершілікке тартамыз. "Алтын белгіге" үміткерлердің ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда, - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен аппарат жиынында.

Осы орайда министр білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларына аталған мәселені назарға алуды ескертті.

"Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Осы мәселе бойынша мектептің басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет жағдайда жұмыстан шығару әрекетіне дейін барамыз. Соған дайын болыңыздар", - дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ҰБТ кезінде талапкерлерге тиісті жағдайдың жасалу керектігін еске салды.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар