Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді

2023 жылғы «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты.

«Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келесі жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлеріне талап күшейеді. Олар мынадай талаптарға сай болуы тиіс. Біріншіден, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес, 10, 11 сыныптардағы оқу кезеңінде тоқсандық, жылдық және қорытынды бағалары 5 болуы керек.

Сондықтан келесі жылы 10, 11 сыныпта жылдық және қорытынды баға ғана емес тоқсандық та, жылдық та, қорытынды да баға есепке алынады. Екіншіден, жалпы орта білімді аяқтағаннан кейін Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында алгебра және талдау негіздері оқу пәні бойынша қорытынды атестаттаудан өтуі керек», – деді ол министрліктің Instagram парақшасында өткен онлайн брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 2023 жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлері қалған төрт пәнді өздері білім алған мектепте тапсырады. 

«Үшінші талап, үміткердің негізгі білім беру туралы үздік атестаты болуы тиіс. Яғни, ол 9 сыныпқа дейін үздік оқуы керек деген сөз», – деді Жомарт Қарамбаев.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи