USD
USD
USD

«Алтын жас» бағдарламасы зейнеткерлерге жұмыс табуға көмектеседі

«Алтын жас» бағдарламасы биыл маусым айында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен бекітілді.

«Алтын жас» бағдарламасы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Бұл қалада тұратын зейнеткерлерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде 224 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: 53% - білікті жұмыс орындары (бөлім бастықтары, есепшілер, тәрбиешілер, аспаздар және т.б.); 47% - біліктілігі жоқ (күзетшілер, жүргізушілер, тазалықшылар және т.б.).

Орташа жалақы 187,7 мың теңге (85 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін). Бағдарлама жергілікті бюджеттен жалақының 50%, бірақ 85 мың теңгеден аспайтын мөлшерде субсидиялауды көздейді. Оған қаланың 94 ұйымы қатысты.

Кім қатыса алады?

– Алматыда тіркелген және тұратын зейнеткерлер

– Меншік нысанына қарамастан Алматының жұмыс берушілері

Қалай қатысуға болады?

– Өтінім беру: Достық даңғылы, 85, 2 қабат, каб. 201 А

– Электрондық пошта: a.jas@almaty.gov.kz

– WhatsApp арқылы хабарласу: +7 (708) 961 95 34

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries