USD
USD
USD

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 30 тамызда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ауа райына байлансты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.

Күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 30-31 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тәулік бойы 30, күндіз 31 тамызда-1 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті