USD
USD
USD

Алты өңірде ауа райы бұзылады

Еліміздің алты өңірінде ауа райы бұзылады.

Алты өңірде ауа райы бұзылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 24 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Петропавлда күн күркірейді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі деп болжанады. Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. 25, 26 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, 24-26 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан 16-21 м/с жылдамдықпен жел соғады. 25, 26 тамыз күндері Таразда күн күркірейді, күндіз 24-26 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 16-21 м / с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай