USD
USD
USD

Алты облыста дабылды ескерту жарияланды

Алдағы үш күндегі ауа райына болжам жасаған синоптиктер республиканың солтүстігінде тағы да қар жауып, бұрқасындататынын айтты. 

Алты облыста дабылды ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірқатар өңірінде 13 ақпанда дабылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің хабарлауынша, ертең Нұр-Сұлтан қаласында оқта-текте бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.

Көкшетауда да жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – тұман, күндіз бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін барады.

Қостанай облысының кей аймағында да бұрқасындатып, тұман басады. Кей жерлерде жел 18 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанып отыр.

Қызылорда облысында түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ, бұрқасындатады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысын да тұман басады.

 Сонымен қатар, синоптиктер алдағы үш күндегі ауа райына болжам ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тағы да құбылады. Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ағымдар ығысып, республиканың солтүстігінде қар жауып, батыстан жел соғады, жолда көріну қашықтығы нашарлайды, бұрқасындатады» делінген хабарламада. Оңтүстік және шығыс облыстарда Орталық Азия аймағынан ығысқан оңтүстік циклон әсерінен ауа райы жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республиканың шығысында қар жауып, бұрқасындатады. Ауа температурасы көпжылдық мәннен 2…5°С-қа жоғары, ал батыста соған шамалас күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.