USD
USD
USD

Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11 қарашада еліміздің 6 облысында ауа райы күрт құбылады, қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу борасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  11 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

11 қарашада Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.

11 қарашада түнде Түркістан облысының оңтүстік және таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.

11 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында 15-20 м/с күшейеді. Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін.

11 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең таңертең және түнде тұман түседі.

11 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында жаңбыр, қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде және шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында ертең көктайғақ болады.

 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КТК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.