USD
USD
USD

Алты ай ғарышта болған қытайлық үш ғарышкер Жерге оралды

Үш ғарышкер мінген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы сенбі күні таңертең Қытайдың солтүстігіне аман-есен қонды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алты ай ғарышта болған қытайлық үш ғарышкер Жерге оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үш қытайлық астронавт экипажы бар «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономия ауданына аман-есен қонды. Қону қалыпты болды, барлығы өзін жақсы сезінеді» делінген хабарламада.

Бұл ғарыш сапарында үш тайконавт (ғарышкерлерді Қытайда осылай атайды) Жай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу алты ай бойы бір миссияның бөлігі ретінде ғарышта өткізген уақыт бойынша рекорд орнатты.

Естеріңізге сала кетейік, «Шэньчжоу-13» ғарыш аппараты 2021 жылдың қазан айында ұшырылған еді.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян