Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алтай Көлгінов мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Елорда күні мерекесіне арналған видеоқұттықтау жариялады. 

Алтай Көлгінов мерекемен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биылғы қала күні мерекесі бас шаһарымыздың негізін қалаған бас сәулетшісі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жас мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Деніне саулық, әулетіне амандық, ұзақ өмір тілеймін! Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазығын қағып, елдігімізді қалыптастырған республикамыздың әлеуетін арттырған Тұңғыш Президентіміздің еңбегін ұлтымыз әрдайым жоғары бағалайды. Тарихи өлшеммен алып қарағанда өте қысқа уақыттың ішінде қабылданған шешімдері мен ұлт үшін атқарған еңбегі мың өліп, мың тірілген халқымызды аңсаған арманына жеткізді. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте төмен халықты ыдыратпай, керісінше береке-бірлігін арттырып, қуатты елге айналдырғанына тарих куә», – деді әкім.

 

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш