USD
USD
USD

Алтай Көлгінов халықты вакциналау жұмыстарына қатысты тапсырма берді

ВАК отырысында коронавирус тараған кезде қандай қауіпсіздік шаралары қолданылатыны айтылды, деп хабарлайды Үкімет. 

Алтай Көлгінов халықты вакциналау жұмыстарына қатысты тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде қараша айының басынан бастап коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Тәулігіне  КВИ+ 235 және КВИ- 40 жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға артқан (аптасына 1 001 жағдайдан 1 283-ке дейін). 

«Бүгінгі таңда барлық өңірлер – “жасыл” аймақта. Сонымен қатар 15 өңірде R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өсуінің белгісі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші 1-ден жоғары болса, қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылады», — деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекеттік органдардың басшыларына, әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық