USD
USD
USD

Алтай Бақтиярдың «басынан сипап» қана қойды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі «Алтай Көлгінов қарамағындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді жазалады» деп хабарлады. Бірақ...

Алтай Бақтиярдың «басынан сипап» қана қойды
Фото: NEGE.kz

«Жазалады» дегенді естігенде, көз алдымызға Көлгінов орынбасарының шалбарын шешіп тастап, шықпырта сабап жатқаны елестеген. Бақсақ, әңгіме басқалай екен, тек «басынан сипап» қана қойыпты.

«Әлеуметтік салада жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен нәтижесі жоғары болуына байланысты және қылмыстық іске қатысы жоқ болғандықтан, Бақтияр Мәкеннің отставкасы қабылданбады. Бірақ оған қатаң сөгіс берілді», – дейді Көлгіновтің баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, Nege.kz порталында «Сыдықов сотталды, енді Бақтияр Мәкен қайтпек?» деген мақала жарияланып, Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігіне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ресми сауал жолдағанбыз. Сауалымызға жауап келіп үлгерместен, Бақтияр Мәкен бастығы Алтай Көлгіновтің атына отставкаға кету жөнінде өтініш жазған. Әкімдіктегі ақпарат көзінің мәлімдеуінше, «процесті жеделдетуге жоғарыдағы мақала мен ресми сауал себеп болған».

Алайда, Алтай Көлгінов орынбасары Бақтияр Мәкенді өкпелетпеген екен. Мұнысы Батыс Қазақстаннан бері бірге келе жатқан командаласына «байқап жүр, өсетін баласың ғой» деген ескерту сияқты көрінді.  

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова