USD
USD
USD

Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен Әлішер Ерғали бүгін жұбаныш белдесуінде сынға түсті.

Әлішер Ерғали
Фото: Сали Сабиров

Алматы, NEGE. 97 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген отандасымыз жұбаныш белдесуінде ирандық Әли Әмір Азарпирамен белдесіп, қарсыласынан 6:1 есебімен ұтылып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әлішер Ерғали ширек финалдық белдесуде әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновтан 14:2 есебімен ұтылған еді. 

Айта кетсек, еркін күрестен Париж Олимпиадасына төрт балуанымыз лицензия жеңіп алған болатын.

Олар — Азамат Дәулетбеков, Юсуп Батырмурзаев, Мейрамбек Қартбай және Әлішер Ерғали.
Өкінішке қарай барлығы ел үмітін ақтай алған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу