17 Қыркүйек 17:50
...

Алсаң, түсіріп беремін! «Қазпоштаны» сату НЕГЕ қиын болады?

Фото:

Мемлекет алдағы екі жылда ұлттық компаниялардың көбісін сатып жіберуге оқталып отыр. Биыл «ҚазПошта» мен «Самұрық-Энерго», келесі жылы «ҚазМұнайГаз», «Тау-Кен Самұрық», «Air Astana», «QazaqAir» сатылатын болады. 2023 жылы Ақтау порты, «Қазақстан темір жолы», «ҚазТрансГаз-Аймақ» сынды компаниялар жекеменшікке өтуі тиіс.

Дереккөз: privatization.gosreestr.kz

Осылайша мемлекет экономикадан түбегейлі кетпек. Бірақ мемлекеттің пәрменімен жұмыс істеп тұрған компаниялар жекеменшік секторға қаншалықты қызық деген үлкен сұрақ бар.

Пошта және тасымал саласындағы ұлттық компания – «Қазпошта» акционерлік қоғамы биылғы жылдың соңына дейін сатылуы тиіс. Жекешелендірудің жалпыұлттық жоспарында солай бекітілген. Қазіргі статусы – сату алдындағы дайындық.

Дереккөз: privatization.gosreestr.kz

«Қазпошта» инвесторларға қаншалықты қызық? Осыдан бір жыл бұрын «Самұрық-Қазына» қорының басшылығы оған деген шетелдік инвесторлардың қызығушылығы туралы мәлімдеген болатын. Аукцион емес, тікелей сату бойынша да сөз қозғалған еді. Бірақ «Қазпошта» кіріс түсірудің орнына, шығыннан шыға алмай отыр. Алғашқы жартыжылдықтың қаржылық есебіне сай, ұлттық компания 6 айдың ішінде 1,8 миллиард теңге шығынға батқан.

«Қазпошта» АҚ 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша қаржылық есебі.

Компанияның выручкасы 25,2 миллиард теңге болса, тауарлар мен қызметті өндірудің өзіндік құны 25,4 миллиард теңгені құраған. Демек қазіргі бизнес-моделімен оның жұмысы өзін-өзі ақтамайды. «ҚазПошта» 20 598 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Ал әкімшілік шығыны 3,2 миллиард теңгеден асқан. Инвестор келсе, табысқа шығу үшін жұмысшы санын қысқартатыны анық.

«Қазпоштаның» қазіргі капиталы – 38,9 миллиард теңге. Жарты жылда капиталы 1 жарым миллиард теңгеге қысқарған. Міндеттемелері 67 миллиард теңгеге жетсе, активтері 108 миллиард теңгеден 106 миллиард теңгеге дейін төмендеді.  

Тегтер: