USD
USD
USD

«Алмэкс» Halyk Bank акцияларының 7,6%-ын 475 млн долларға сатты

«Алмэкс» компаниясы Halyk Bank акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының  бір бөлігін орналастыруды аяқтады. Банк жалпы орналастырылған акциялардың 7,6 пайызын сатты.

акция
Фото: tass.ru

Астана, NEGE. Саудаға 17,42 млн ЖДҚ-ның халықаралық ұсынысы және параллель ішкі орналастыру ретінде 205 мың ЖДҚ мен 121,8 млн жай акция кірді.

Орналастыру нәтижесінде «Алмэкс» тобының жалпы кірісі 475,41 млн АҚШ долларын құрады. Ішкі ұсыныстың акциялары әр қағазға 298,66 теңгеден сатылса, ЖДҚ-лар 23 АҚШ долларынан сатылды.

Халықаралық ұсыныс аясында 17,4 млн ЖДҚ Қазақстаннан тыс жердегі институционалдық инвесторлар тарапынан сатып алынды, ал қалған ЖДҚ және акцияларды ел ішіндегі инвесторлар сатып алды. Өз кезегінде Halyk Bank мәміледен ешқандай кіріс алған жоқ.

Мәміле аяқталғаннан кейін ALMEX Halyk Bank акцияларының шамамен 62%-ын, яғни 6,76 млрд қағазды иемденетін бақылаушы пакетке ие болып қала береді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net