Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы ауыр екен

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты шұғыл ауруханаға жатқызу керек. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді.

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы ауыр екен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Атамбаев инфаркт алуы мүмкін, бұрынғы аурулары да асқынып кеткен. Атап айтқанда, арқадағы ауырсынуы күшейе түскен. Алайда бір ай бұрын тағайындаған сот-медициналық сараптама әлі аяқталмаған.

Адвокаттың сөзінше, 148 парақ медициналық тарихының көшірмесі судьяларға берілген. Ол сараптама тағайындалғанын атап өтті.

«Алмазбек Атамбаев кешенді емдеуге жатқызылуы тиіс. Ол оны колонияда ала алмайды. Біз оны ауруханаға жатқызу үшін санкцияны үйқамаққа өзгертуге бірнеше рет өтініш жазғанбыз. Бірақ келісім бермей жатыр», – деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда болған Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық деректері және қылмыстық кірістерді заңдастыру істері бар. Қаңтарда Қырғызстанның экс-президенті тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылған.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті