USD
USD
USD

Алмазбек Атамбаев сот отырысында шу шығарды

Қырғызстанның экс-министрі Алмазбек Атамбаев 2 желтоқсанда бірнеше қылмыстық іс бойынша жауап беру үшін Бішкектегі аудандық сотқа жеткізілді, деп жазды АКИpress басылымы.

Алмазбек Атамбаев сот отырысында шу шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE . Атамбаевты түрмеден сот отырысына мемлекеттік айыптаушы Эрнест Асакеевтің айыпталушыны күштеп алып келу туралы өтінішінен кейін жеткізген. 

Сот залында экс-президент барлығымен амандасып, мемлекеттік айыпталушының әрекетін заңсыз деп атады. 

"Мына оңбаған заңсыз бұйрықтарды орындап жатыр. Істі Сокенің кезінде (Сооронбай Жээнбеков) қозғаған және мына оңбаған прокурорлар бұл бассыздықты жалғастыруда", - деді Атамбаев. 

Оның сөзінше, денсаулық жағдайына байланысты сот отырысына келе алмайды. Қазір оның омыртқасы ауырады екен. Дегенмен экс-президентті күштеп алып келіпті. Сот залына судья Әзірет Медеров кіргенде айыпталушы "Оңбағандар" деп айқайлап, отырысқа қатысудан бас тартты. Атамбаев камера қабырғасын тепкілеген, ал қатысушылар "Масқара" деп айқайлаған. Кейін айыпталушыны сот залынан алып кетті. 

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі