USD
USD
USD

Алмазбек Атамбаев колонияға ауыстырылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі № 47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты, - деп хабарлайды 24.kg.

Алмазбек Атамбаев колонияға ауыстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Раиса Атамбаеваның айтуынша, күйеуін Жаңа жыл қарсаңында ауыстырған.

"Бұл туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларымыз Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Сол кезде біз колонияға бардық. Ол емін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл колонияда жағдай жақсы: серуендеуге, адамдармен сөйлесуге болады. Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы төмен және оған қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ әкеліп, жылы киім бердік", - деді Раиса Атамбаева басылымға.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық із қозғалды. Оның ішінде 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, жемқорлық жасады және қылмыспен келген табысты заңдастырып алды деген күдікпен ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy