USD
USD
USD

Almaty.tv қызметкерінің өлімі тергеліп жатыр: Сағынтаевтың кінәсі бар ма?

Полиция қала әкімі кортежіне шабуыл жасалған кезде қайтыс болған Almaty.tv қызметкерінің өлімін тексеріп жатыр.

Almaty.tv қызметкерінің өлімі тергеліп жатыр: Сағынтаевтың кінәсі бар ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ПД баспасөз қызметі өкілі осы іс бойынша Қылмыстық кодектің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Алматы" телеарнасының бұрынғы қызметкері Гүлжанат Рысқали осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қорғансыз адамдарды коменданттық сағат кезінде Республика алаңына жібермеу керек еді.

"Олар 6 қаңтарда, елде лаңкестер бар екені белгілі кезде, оның үстіне кешке, коменданттық сағат жақындаған кезде жіберілген. Телеарна қызметкерлерінің каскасы, бронжилеті де болмаған. Әкім түсірілімі үшін адам өміріне қауіп төндірудің қандай қажеті болды?" - деді қайтыс болғандардың бұрынғы әріптесі.

Ол сол кезде қалада оқиға шиеленісіп жатқанын және басшылар бұл қауіпті екенін түсінуі керек екенін айтты.

"Оларды атып өлтіретін жерге жібермес бұрын әдетте дайындық жасайды, үйретеді. Ал бізде жай ғана жібере салады. Олар сакура қалай гүлдейтінін түсіріп алуға бара жатқан секілді. Бірақ сакураның орнына - Алматы әкімі, Сағынтаев мырза... Оларды өртеніп жатқан әкімдік ғимаратын түсіруге жіберген. Не үшін? Бұл кімге керек болды? Әкімдікке? Телеарна басшылығына? Олар қарапайым, қорғанышы жоқ адамдарды өлімге душар ететінін түсінді ме? Ал қазір түсіне ме? Сұхбат пен айтылған пікірге қарасақ, жоқ", - деді ол.

Еске салайық, 6 қаңтарда кешке "Алматы" телеарнасының жүргізушісі Мұратхан Базарбаев қаза тапқан еді. Сондай-ақ, арнайы техника операторы Диаскен Бәйтібаев жарақат алып, екі саусағынан айрылды. "Алматы" телеарнасының директоры Нұржан Жайлауқызы телеарна қызметкерлері Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежімен бірге Республика алаңын түсіруге жіберілгенін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Qarmet тарихында алғаш рет электр энергиясын өндірудің ең жоғары көрсеткішіне жетті

Qarmet

Маңғыстауда 34 дана зергерлік бұйымды жыныс мүшесіне жасырып қойған әйел ұсталды

Контрабанда

Жетісудағы Балқаш жағалауында жазда екі коммуналдық жағажай қолданысқа беріледі

Балқаш

Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін тағы 2,5 млрд долларға дейін қарыз тартпақ

салық