USD
USD
USD

«Almaty» телеарнасында жаңа маусым басталды

Жаңа маусымда «Almaty» телеарнасының логотипінің түсі күзгі сарғыш түске ауысты.

«Almaty» телеарнасында жаңа маусым басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Телеарна көрермендеріне Қайрат Әділгерей мен Мөлдір Анарбаева жүргізетін күнделікті екі сағаттық музыкалық жоба «Жұлдызды караоке», қазақ КВН чемпиондарының «Назар аудар» құрамасы қатысатын «Кешкі Алматы» кешкі шоуы және Рахман Омаров жүргізетін «Су тегін» интерактивті бағдарламасын ұсынбақ.  

Сонымен қатар, Рауан Рамазан жүргізетін «Жерұйық» travel show, Жанарбек Әшімжанның «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасы, Бақыт Шадаеваның «Семейный альбом», «Күлкі және көз жасы» атты музыкалық-юмористикалық моноспектакль эфирге жол тартпақ.

Көрерменнің көңілінен шыққан жобалар бұл маусымда да жалғасын табады. Олар – «Біржан-Сара ізімен» қыз-жігіт айтысы, «Таңғы Studio» таңғы шоуы, «Обо всем без купюр», «Алматинские истории», «Анық Time» танымдық бағдарламасы. Биылғы күзде «Almaty» телеарнасы көрерменге мелодрама, ситком, комедия жанрында 6 жаңа телехикая ұсынбақ. Ол жобаларды дайындауға белгілі театр және кино артистері, талантты режиссерлер, сценаристер мен продюсерлер қатысты.

«Әділеттің жолы», «Мұғалім», «727», «Академия», «Өнер ордасы» және «Өміріңе келдім» телехикаяларына махаббат, отбасы құндылықтары, әділдік пен еңбек, адалдық пен Отанға деген құрмет арқау болған. Жаңа маусымда біздің журналистер көрермендерді еліміздегі және әлемдегі жаңалықтармен шұғыл хабардар етумен қатар, халықты толғандыратын өзекті мәселе көтеруді де жалғастырмақ.

Күндізгі және кешкі шығарылымдарға таңғы жаңалықтар, «Жаңа көзқарас» сараптамалық тележобасы, «A-NEWS» жағымды жаңалықтар зертханасы, сонымен қатар, «Іскер new’s» және «Мәдениет айнасы» бағдарламалары қосылды.

«Almaty» телеарнасы үздіксіз даму үстінде. Жаңа маусымдағы жаңа жобалар, репортаждар мен телепремьералар - осының айғағы.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.