USD
USD
USD

Almaty Arena мұз айдынында өрт шығып, төрт бала құтқарылды

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенше келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгерген.

Өрт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қаңтарда Алатау ауданында орналасқан «Нұркент-7» шағын ауданында мұз кешенінің бірінші қабатынан өрт шықты.

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенше келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгерген.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары барлау және өртті сөндіру барысында 2013, 2016, 2019 және 2012 жылы туған төрт бала құтқарды.

Үлкен өрт жүктемесіне қарамастан, өрт сөндірушілер өрттің іргелес орын-жайларға таралуына жол берген жоқ.

Өрт 15:52-де сөндірілді. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум