USD
USD
USD

«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолы жабылды

Ауа райына байланысты жабылды.

«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолы жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін сағат 11:00-ден бастап ауа-райына (көк тайғақ, тұман) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» республикалық маңызы бар ақылы автомобилді жолының 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды. 

Сонымен қатар Үшарал-Достық жолының бірнеше шақырымы жабылды. «Қазақавтожол» РМК Алматы облысы бойынша филиалының және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, 2020 жылғы 12 желтоқсан 10:15 сағаттан бастап ауа-райына (қатты боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды», - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Ведомство өкілдері азаматтардан осы бағыт бойынша сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов