USD
USD
USD

Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Бүгін техникалық себептерге байланысты "Астана-Петропавл" учаскесінде №105 "Алматы-Петропавл" пойызы жөнелтілмейді, деп жазады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 04.27-де "Алматы-Петропавл" бағытындағы № 105 жолаушылар пойызы техникалық вагонның ақауына байланысты "Қарағанды-Астана" учаскесінде шұғыл аялдама жасады.

Ақпаратқа сәйкес, пойызда 184 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жолаушылар "Мырза – Шоқай" аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4  "Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" (Тальго) пойызына отырғызылады.

Бурабай курорты, Көкшетау және Петропавл станцияларына бағыт алғандар үшін Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін  жеке құрам ұйымдастырылды.

Тексеру жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы құрылды.

 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.