Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматының жаңа бас имамы тағайындалды

ҚР Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматының жаңа бас имамы тағайындалды.

Алматының жаңа бас имамы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас мүфтидің Алматы қаласының бас имамы қызметіне тағайындау туралы бұйрығын наиб-мүфти Ершат Оңғаров жариялады. Мүфти бұған дейін осы қызметті атқарған Еркінбек Шоқайға алғыс сөздерін және ізгі тілектерін жеткізді.

Алматының жаңа имамы Төлеби Оспан бұған дейін Ақтөбе облысының бас имамы болған. Ол 1981 жылы дүниеге келген. Алматы Ислам институтында оқыған. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы филология факультетін, 2013 жылы Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған. Түркияда имамдарды оқыту курстарынан өтті.

Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылының бас имамынан бастап, Нұр-Сұлтандағы екі мешітте мүфти орынбасары, наиб-имам қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысының және облыстық " Nur Century "орталық мешітінің бас имамы болды.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Үйленген, үш қызы мен ұлы бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА