USD
USD
USD

Алматының Түрксіб ауданы тұрғындарының сусыз отырғанына екі күн болды

Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында болған апатты жою жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматының Түрксіб ауданы тұрғындарының сусыз отырғанына екі күн болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Т.Рысқұлов даңғылы мен Герцен көшесі қиылысының батыс жағы көліктер үшін уақытша жабық.

«Сүйінбай-Баянауыл- Шемякин-Хмельницкий, Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев, Айша бибі көшелері мен «Атырау», «Шуақты» шағын ауданында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру уақытша шектеледі. Аталған мекенжайлар мен шағын аудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

«Алматы Су» МКК апаттық бригадалары Герцен көшесі бойымен тартылған Д=500 мм магистральды су құбырын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Оған 16 техника жұмылдырылды.

Герцен көшесі арқылы өтетін магистральды су құбыры 1962 жылы пайдалануға беріліп, қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 жыл жұмыс істеп тозығы жеткен.

«Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес,сонымен қатар объектілер жабдықтарының да айтарлықтай тозығы жеткен. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 шақырым. Оның 1941,2 км желі ауыстыруды қажет етеді»,- деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG