USD
USD
USD

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынып жатқан таунхаус сүрілді

Нұрлытау шағын ауданында салынып жатқан заңсыз құрылым сот орындаушыларының қатысуымен сүрілді.

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынып жатқан таунхаус сүрілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Биыл наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында нысанның заңсыз салынып жатқандығы анықталды. Нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заң бұзушылықтар жойылған жоқ. Осыған байланысты материалдар Бостандық аудандық сотына жіберілді. Аудандық сот бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, меншік иесі оған кері шағымданған.

Сот отырысының қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.