USD
USD
USD

Алматының Шәріпов көшесінде жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

11 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде (Шәріпов пен Гоголь көшелерінің қиылысының солтүстігінде) болған жылу трассасындағы апаттың салдары жойылды.

Алматының Шәріпов көшесінде жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтіруді аяқтағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілді және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілді әрі белгіленген режимде жұмыс істеп тұр.

Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы да қалпына келтірілді.

Асфальттың жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда ағымдағы жылдың 13 қарашасына дейін қалпына келтіру жоспарланды.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері