USD
USD
USD

Алматының сейсмикалық станция қызметкерлері тәулігіне бірнеше жер сілкінісін тіркеді

Алматының сейсмикалық станция қызметкерлері тәулігіне төрт жер сілкінісін тіркеді.

Алматының сейсмикалық станция қызметкерлері тәулігіне бірнеше жер сілкінісін тіркеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның барлығы 17-18 маусым аралығында бірнеше сағат айырмашылығымен болды.

2023 жылғы 17 маусымда Алматы уақытымен сағат 22:14-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 809 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 4.9.

Келесі жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 23:08-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 829 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.3. MPV магнитудасы - 4.3.

2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 02:46-да тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 787 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7.
MPV магнитудасы - 4.4.

Сондай-ақ, кезекті жер сілкінісі бүгін 2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақыты бойынша 08:58-де болды.

"ҚР ТЖМ" SOME ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 18 маусымда Алматы уақытымен 08:58-де (2023 жылғы 28 мамырда Гринвич бойынша 02:58-де) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым жерде Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 70 шақырым.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов