USD
USD
USD

Алматының орталығында оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды

Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан сауда бутигінде оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Алматының орталығында оқ-дәрілер салынған рюкзак табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Бутикке жұмысқа келген құрылысшылар баспалдақ астынан жасыл рюкзак тауып алған.

«Аталған үй-жайдың артқы есігі бар. Жөндеу жұмыстары кезінде ол ашылды, мұнда көшеден еркін кіруге болады. Рюкзак заттарға толы болды десе болады. Полицейлер винтовкалар мен тегіс ұңғылы қаруларға арналған әртүрлі калибрлі бірнеше ондаған патрондарды тәркіледі.

Сондай-ақ, мұнда жоғары қабатта хостел орналасқан. Осында келген қонақтардың бірі рюкзактарды арнайы жасырған деп болжауға болады.

Бұл оқ-дәрілер табылғаннан кейін басталған тергеу барысында анық белгілі болады», - деді полиция департаментінде.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі