USD
USD
USD

Алматы неге «сары» аймаққа өтті? Бекшин жауап берді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин шұғыл брифинг өткізіп, мегаполис эпидемиологтары жаңа мутацияларды анықтау үшін Алматы аумағында айналымда жүрген коронавирус штамдарына генетикалық зерттеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алматы неге «сары» аймаққа өтті? Бекшин жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада айналымдағы 90%-ға жуық мутацияланған штаммдардың таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін айтты.

«12-19 маусым аралығында мутацияланған штаммдардың айналымын анықтау мақсатында ПТР-диагностикасын жүргіздік. 53 зерттеудің ішінен «Британдық штамм» 44-те (83%), «Оңтүстік Африка» екі жағдайда (4%) және біреуінде «Нью-йорк» (1,8%) анықталды. Қалған 11%-да COVID-19 вирусының мутациясы анықталмады», – деді Ж. Бекшин.

Санитарлық-эпидемиологиялық ведомство басшысының айтуынша, 16 маусымнан бастап жұқтыру көрсеткіші 0,7-ден 0,96-ға дейін өскен.

«Бұл демалыс орындарына барумен тұрғындардың бетперде режимін сақтау бойынша эпидемияға қарсы шараларды елемеуі салдарынан болды», – деді Ж. Бекшин. Сондай-ақ COVID-19 ауруының өсуінің негізгі себебі инфекцияның тез таралуына ықпал ететін мутацияланған штамдардың болуына байланысты. Сондықтан 22 маусымда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы тағы да «сары» аймаққа өтті. Жұқтыру көрсеткіші жоғары.

Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда шектеу шараларын бақылау 5 күн ішінде жүргізілетінін түсіндірді («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «сары» аймақтан «қызылға» көшу). Сондықтан Алматыда «жасыл» аймақ режимі тағы 5 күн, яғни 27 маусымға дейін сақталады.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті