USD
USD
USD

Алматының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көше жөнделеді

Алматы қаласының Наурызбай ауданын дамытудың басым бағытының бірі жол инфрақұрылымын дамыту болып табылады, деді әкім Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде.

Алматының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көше жөнделеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Наурызбай ауданының барлық шағын аудандарында жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың м2 жол жөнделді. Қараша айының соңына дейін 130 көшені қамтитын тағы 25 мың м2 жолды жөндеу жоспарланған.

Жөндеуге 735 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Қалалық мобилділік басқармасы осы жылдың шілде айында Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында 10 көше бойынша 6,5 км жол салуды бастады. 10 көшеде 6,9 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Осы жылдың қараша айының соңына дейін ұзындығы 7 км болатын тағы 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді әкім.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты