USD
USD
USD

Алматының қоғамдық көлігінде мемлекеттік субсидиясыз жолақы құны қанша болады?

Бұл туралы ONAY көлік холдингінің директоры Садир Хамраев айтты.

Алматының қоғамдық көлігінде мемлекеттік субсидиясыз жолақы құны қанша болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күн сайын қалада 1,4 млн жолаушы қоғамдық көлікті пайдаланады. Алматыда жол жүру құны қолма-қол ақшамен төлеген кезде 150 теңге, ал ОҢАЙ картасымен төлесеңіз, 80 теңге. Бұл баға 2012 жылдан бері өзгерген жоқ.

«Инфляцияға, ЖЖМ бағасының өсуіне байланысты қала бойынша есептік тариф 80 теңгеден жоғары болу керек, алайда әзірге мемлекеттен субсидиялар есебінен бағаны өзгертпей ұстап тұруға болады. 11 жыл өтсе де тариф бұрынғы, көптеген аймақта жолақы қымбаттады. Қазіргі таңда қала бойынша есеп айырысу тарифі 425 теңгеге жетеді, бірақ олай белгілеу мүмкін емес, себебі тым қымбат», - деді ол. 

Оның пікірінше, баға мен сапа арасындағы тепе-теңдік болуы керек. Жолақы бағасы қолжетімді болса, халық та қоғамдық көлікпен көп жүреді. 

Алматыға күн сайын 2,5 мың автобус жолға шығады. Оның айтуынша, 2024 жылға қарай қалада 3,5 мың автобус болады. Сондықтан, қазір ONAY  көлік қаңқасын қалыптастырып, оңтайлы бағыт жасауға кіріскен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары