USD
USD
USD

Алматының кей ауданында суық су болмайды

 Алматының Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. 

Алматының кей ауданында суық су болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін Наурызбай ауданына қарасты «Тау Самал» ықшамауданындағы Ақбат, Ниязбеков, Сағдиев, Рысқұлов, Т.Шонаұлы, Сәке батыр, Алмалы көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. «Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді», - деп атап өтті «Алматы су» МКК.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық