USD
USD
USD

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Алатау және Түрксіб ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

Алматының екі ауданында суық су болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. «11 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Алатау ауданына қарасты «Зерделі», «Нұркент», «Алмалы», «Алатау Сити» мен Атлетикалық ауылында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. Сонымен қатар, 13 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Түрксіб ауданындағы Шолохов-Ержанов-Осипенко-Сауранбаев көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады», деп хабарлайды «Алматы су». Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады. «Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Алексей Чуркин